|
29.11.2023 | 09:12
5081

Қазақстанда міндетті дактилоскопияны алып тастау жоспарланып отыр

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек

Қазақстанда міндетті дактилоскопияны алып тастау жоспарланып отыр Фото: elements.envato.com

Қазақстанда міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек. Бірақ енді оны алып тастау жоспарланып отыр. Бұл норма Мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялардың мәселесі бойынша түзетулер жобасына енгізілген.

"Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндетті түрде дактилоскопиялық тексеруді алып тастау. Қауіпсіздік мәселелері мен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына қатысты көптеген өтініштерге, сарапшылардың пікірлеріне байланысты шешім қабылданды.

Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Сонымен қатар шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді", — деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир