|
25.09.2023 | 05:33
10109

Тұман, жел: 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды

Тұман, жел: 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы ves-vesti.ru

Қазгидромет синоптиктері 25 қыркүйек, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің шығысында атмосфера фронттарының әсерінен жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде 1-3 градус үсік жүреді, Ақмола облысының шығысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Қызылорда қаласының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир