Азия ойындары: қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетіп жатыр

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Ханчжоудағы Азиадаға Қазақстаннан спорттың 30 түрінен 524 спортшы қатысуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жазғы Азия ойындарының бірінші күнінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дзюдо: Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жеңіп алды.

Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жекелей жарыс қорытындысы бойынша олимпиадалық лицензия иеленді.

Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығу бойынша финалына шықты.

Бокс: Ертуған Зейноллинов 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалға өтті.

Шахмат: Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева әйелдер шахмат турнирінің алғашқы екі турында жеңіске жетті. Ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің есебінде екі жеңіс, Ринат Жұмабаевтың еншісінде бір жеңіс бар.

Гандбол: әйелдер құрамасы топтық кезеңде Тайланд құрамасын 44:20 есебімен ұтты.

Теннис: Бейбіт Жукаев жекелей сайыстың екінші раундында Тәжікстан спортшысы Фируз Мухидиновты жеңді-6:0, 6:0. Біздің екі команда ерлер арасындағы жұптық сайыстың екінші кезеңіне өтті.

Жағажай волейболы: Н.Алдаш/К.Гурин және С.Богату/Д.Яковлев жұптары ерлер арасындағы ширек финалға өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Азия ойындарында жүлделі орынға ие болды

Новости партнеров