Тұман, көктайғақ: 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

05.01.2024 08:15

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Фото Victor Glutsenko

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 5 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.