Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: Victor Glutsenko
Фото: Victor Glutsenko

Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасы салдарынан күн жауын-шашынсыз болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 1-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен ауа райы құбылып тұрады.

Кей жерлерде жауын жауса, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ көктайғақ болады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасы салдарынан күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болуы да ықтимал.

Новости партнеров