Найзағай, нөсер жауын, бұршақ: 7 тамызға арналған ауа райы болжамы

07.08.2023 07:30

Төтенше өрт қаупі сақталады

фото из открытых источников

«Қазгидромет» РМК-сы 7 тамыз күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 7 тамызда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, жоғары өрт қауіпі сақталады.

7 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жылдамдығы секундына 17-22 метрге, екпіні 28 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қонаевта 7 тамызда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

7 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда 7 тамызда күндіз 36-38 градус аптап ыстық болады, жоғары өрт қаупі сақталады.

7 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оралда 7 тамызда күндіз 35 градус аптап ыстық болады.

7 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 7 тамызда найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

7 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте 7 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістанда 7 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

7 тамызда Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавлда 7 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

7 тамызда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Кокшетауда 7 тамызда түнде найзағай ойнайды, жоғары өрт қауіпі сақталады.

7 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

7 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған 7 тамызда найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

7 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өскеменде 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады.

7 тамызда кей уақыттарда Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қаласында 7 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

7 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-41 градус аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтауда 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

7 тамызда түнде Қызылорда облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында найзағай кезінде жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 7 тамызда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

7 тамызда күндіз Костанай облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанайда 7 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

7-08 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 9 тамызда таулы аудандарында найзағай ойнайды, 7-8 тамызда күндіз бұрша жауып, дауыл тұрады. 7-9 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 7-9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Таразда 7-8 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. 7-сі күндіз, 8-ші тамызда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 7-9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 2-8 тамыз аралығындағы ауа райы болжамы