11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

11.01.2024 08:13

Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, кей аудандарда қар аралас жаңбыр жауады

Фото: Victor Glutsenko

Қазгидромет синоптиктері 11 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған сенсек, Қазақстанның басым бөлігі әлі де көп ылғал қоры бар атлантикалық циклон ықпалында болады.

Соның салдарынан негізінен қар жауып, бұрқасын соғады.

Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, кей аудандарда қар аралас жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты екпінді жел тұрады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күндіз жел екпіні 30 м/с асады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 8-14 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы