Республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
Республика бойынша түнде және таңертең екпінді жел соғады, тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, түнде батыстан 2-7 жел соғады, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +18+20°С.
Алматыда күн бұлтты, арасында қатты жаңбар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +12+14°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.