Бүгін бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

11.09.2023 09:13

Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр болады

«Қазгидромет» РМК 11 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжауынша, 11 қыркүйекте республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады.

«Циклон және онымен байланысты жүрген фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағайдың болуына ықпал етеді. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел тұрады, ел орталығында бұршақ түседі, ал солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде тұман түседі, сондай-ақ оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрады деп болжанады», - деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында,  оңтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, сондай-ақ өңірдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.

Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары.