Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі
Синоптиктер 25 маусымда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Синоптиктердің болжамы бойынша, ел аумағында жаңбырмен қатар аптап ыстық болады.
• Алматы және Жетісу облыстарында +35…+39°С дейін;
• Жамбыл облысында +38°С дейін;
• Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында +41°С дейін.
Алматы облысының солтүстігі, батысы, орталығында және Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз +42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.
Республиканың басым бөлігінде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс, шығыс пен орталықта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.
Ел аумағында жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Оқи отырыңыз: Алматыда 23-29 маусым аралығында ауа райы қандай болады