25 маусымда кей өңірінде аптап ыстық болады

25.06.2025 09:34

Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі

Almaty.tv

Синоптиктер 25 маусымда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ел аумағында жаңбырмен қатар аптап ыстық болады.

• Алматы және Жетісу облыстарында +35…+39°С дейін;

• Жамбыл облысында +38°С дейін;

• Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында  +41°С дейін.

Алматы облысының солтүстігі, батысы, орталығында және Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз +42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Республиканың басым бөлігінде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс, шығыс пен орталықта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. 

Ел аумағында жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 23-29 маусым аралығында ауа райы қандай болады