Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына енгізілген шектеу әлі күшінде
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 07:00–ден бастап Атырау облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 690-834-шақырым аралығында (Аққыстау ауылынан Құрманғазы ауылына дейін) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.
Ал қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына енгізілген шектеу әлі күшінде:
Ақмола облысы
• «Астана — Көкшетау — Петропавл» автожолының 18-232-шақырым аралығы (Астана қаласы — Щучинск қаласы);
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы);
Павлодар облысы
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-254-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті).
Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Бұған қоса, 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 08:00–де Ақмола облысында қалың қар мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар «KAZ 01 Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырым аралығында (Жібек жолы кенті — Анар станциясы) барлық көлік түрі үшін жылдамдық 80 шақ/сағ-тан 60 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.
Павлодар облысында «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
Оқи отырыңыз: Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланды