40 градус аптап ыстық: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

15.07.2025 21:54

«Қазгидромет» 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Immo Wegmann/unsplash.com/

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында аптап ыстық болады, жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды деп болжап отыр, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысында найзағай ойнап, жел күшейеді.

Ақтау, Шымкент және Қарағанды қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн күркіреп, 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Жезқазған қаласында, Қарағанды, Ұлытау облыстарында екпіні 15-18 м/с жел соғып, 35 градусқа дейін ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан қаласында, Маңғыстау, Түркістан облыстарында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғып, жел күшейеді, 36 градусқа дейін ыстық болады, өрт қаупі жоғары.

Оқи отырыңыз: Алматыда 14-20 шілде аралығында ауа райы қандай болады