+40 градустан жоғары: мамандар ескерту жасады

16.05.2025 21:02

Оңтүстікте аптап ыстықпен қатар, шаңды дауыл тұрады

Almaty.tv

17 мамырда еліміздің кей өңірінде 40 градустан жоғары ыстық болады. Осыған байланысты Қазгидромет бірқатар аймақтың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктер Таразда сынап бағанасы +40-қа жетіп, екпінді жел соғады деп болжап отыр. Ал Шымкент пен Түркістанда ауа райы +41 градустан аспақ. Оңтүстікте аптап ыстықпен қатар, шаңды дауыл тұрады. Өзге өңірлерде де күн ысиды. Ел  бойынша 18 мамырда қапырықтың беті қайтады.

Оқи отырыңыз: Аптап ыстық: ТЖД алматылықтарға үндеу жариялады