Жер асты дүмпуінің магнитудасы – 3,7
Алакөл көлінің маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Жетісу облысындағы Алакөл көлінің маңында тіркелді.
24 шілде күні Астана уақытымен 08:47-де Сарқант қаласынан 124 шақырым солтүстік-шығыста жер сілкінісі болды. Магнитудасы – 3,8, - деп жазылған Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) хабарламасында.
Қазақстандық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпуінің магнитудасы – 3,7.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Солтүстік айналма жол бойындағы базарларда өрт қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды