Алматы облысында қар көшкіні облыстық маңызы бар жолды жауып қалды

12.03.2025 11:58

Көшкін салдарынан зардап шеккендер жоқ

Алматы облысы ТЖД

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, бүгін сағат 06:05-те облыстық маңызы бар «Түрген – Батан» автожолының 22 және 23 шақырымы арасында қар көшкіні жүрді. Көлемі - 200 текше метр. Көшкін салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Түрген өзенінің арнасында су еркін өтіп тұр. Жағдайды бағалау және жолды тазарту үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазселденқорғау» мекемесінің 2 маманы мен 1 техникасы жіберілді. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушілерге жағдайды ескеріп, көрсетілген маршрут бойынша жүруден уақытша бас тарту ұсынылады", - деп хабарлады облыстық ТЖД.

 Оқи отырыңыз: Еліміздегі әуежайлар мен вокзалдарда қауіпсіздік жағдайы тексеріліп жатыр - ІІМ