Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

22.05.2025 13:34
Ravi Sharma / Unsplash

Аптап ыстық күндері ашық түсті, ауа өткізетін киім киіп, қолшатырды пайдаланған дұрыс. Ал үйдің ішін ылғалды сүлгімен тазалап, жұмыс орнын жиі желдетіп отыру маңызды. Бұл – дәрігерлердің берген нұсқауы. Сонымен қатар мамандар жаз айларында таза су мен жеміс-жидекті жиі тұтыну керек екенін айтты. Себебі күн ыстықта дененің су-тұз теңгерімін бақылауда ұстаған жөн. Аптапта азаматтар абдырап қалмасын деген синоптиктер алдағы 3 күнге ауа-райы болжамын жария еткен.

«Алматы» телеарнасының студия қонағы Казгидрометтің Алматы қаласы және облысы бойынша филиалына қарасты метеорологиялық болжау бөлімінің жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаева сұрақтарға жауап бермек.

– Баян ханым, сынап бағанасы неше градусқа дейін көтеріледі?

«Алдағы 3 күнде Алматы қаласындағы ауа райы болжамына шолу жасайтын болсақ, ертең 22 мамырда Алматы қаласында жауын жаумайды. Ауа температурасы түнде 14-16,  күндіз 30-32 градус шамасында болмақ. Одан кейінгі күндерде, 23-24 мамырда жаңбыр жауады. Қала бойынша жаңбыр жауып, күн күркіреп, күндізгі уақытта қаланың кейбір бөліктерінде бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-27 градус шамасында болмақ».

– Жаз айларында аптап ыстық бола ма? Ауа райындағы өзгеріске не әсер етуі мүмкін?

«Сәуір айында аптап ыстық байқалмады. Яғни барлық көрсеткіштер метеорология климаттық қалыпты шамасын байқатты. Мамырдың орта шенінен бастап 2 күнде Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша аптап ыстық байқалды. Ал облыстың солтүстігінде және батысында 40-42 градус қатты ыстық болды. Ал оңтүстік бөлігінде ауа температурасы 35-37 градус көтерілді. Оңтүстіктен циклонның шығуына байланысты ортаңғы тропосферада ауа ағындары Түрікменстан және Иран аумағынан келді. Сол себепті Алматы облысында және қалаларда өте ыстық байқалды. Бірақ  ономальды ыстық деп айтуға болмайды. Жаз бойынша аптап ыстық болатын кезең болады. Бәрі қалыпты құбылысқа жатады». 

Оқи отырыңыз: Метрология саласындағы жетістік: қазақстандық ғалым құрылғы ойлап тапты