Алматыдан 160 км аумақта жер сілкінді

26.11.2025 08:08

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ

depositphotos

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 26 қараша Астана уақытымен сағат 07:15-те жер сілкінісі тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер Жетісу облысы Сарыөзек а. 2 б.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда 24-30 қараша аралығында ауа райы қандай болады