Алтынемел асуында жол ашылды

06.11.2025 08:52

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады

стоп кадр

ҚазАвтоЖол Алтынемел асуында жол ашылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2025 жылғы 6 қараша сағат 08:00-де Жетісу облысында ауа райының жақсаруына байланысты «Сарыөзек – Көктал» автожолының 40–68 шақырымындағы (Алтынемел асуы) жүк көліктеріне қойылған шектеу алынды", - деп жазды ведомство.

Осылайша аталған бағытта көлік қозғалысы толық ашылды.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады