Бірнеше республикалық автожолда көлік қозғалысы шектелді
unsplash.com
Жолды 2024 жылғы 13 қараша сағат 19:00-де ашу жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысы:
- 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез автожолының 159-238 шақырым аралығында (Отар ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Түркістан облысы:
- 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Жолды 2024 жылғы 13 қараша сағат 19:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45