Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

11.05.2025 09:28

Кей облыста бұршақ жаууы мүмкін

Аlmaty.tv

Синоптиктер 11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Оңтүстік циклоны және сонымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігіне өз әсерін тигізеді, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарына қатты жаңбыр жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Маңғыстау, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында  жоғары өрт қаупі болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысында, орталығында, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының батысында төтенше өрт қаупі болады.

Астанада құбылмалы бұлтты болып, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Алматыда таңертең және күндіз құбылмалы бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан 3-8 жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 мамыр аралығында ауа райы қандай болады