Бүгін еліміздің кей өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

04.10.2025 09:26

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Depositphotos.com

Синоптиктер 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстігінде, шығысында, орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, шығысында көктайғақ болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-ден -3°C-қа дейін, күндіз +6-дан +8°C-қа дейін болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4-тен +6°C-қа дейін, күндіз +16-дан +18°C-қа дейін болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5-тен +7°C-қа дейін, күндіз +21-ден +23°C-қа дейін болады.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8-ден +10°C-қа дейін, күндіз +20-дан +22°C-қа дейін болады.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 1-6 м/с. Түнде ауа температурасы -1°С -3°С, күндіз +14°С-тан +16°С-қа дейін болады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5°С +7°С, күндіз +20°С +22°С болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1°С -3°С, күндіз +12°С-тан +14°С-қа дейін болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -1°С -3°С, күндіз +5°С-тан +7°С-қа дейін жылы болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +1°С +3°С, күндіз +5°С +7°С болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3-тен +5°С-қа дейін, күндіз +15-тен +17°C-қа дейін болады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +1-ден +3°С-қа дейін, күндіз +9-дан +11°C-қа дейін болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3-тен +5°C-қа дейін, күндіз +17-ден +19°C-қа дейін болады.

Павлодарда көшпелі бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-ден +2°С-қа дейін, күндіз +4-тен +6°С-қа дейін болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-ден +2°C-қа дейін, күндіз +4-тен +6°С-қа дейін болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы -1-ден -3°С-қа дейін, күндіз +5-тен +7°С-қа дейін болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -1-ден -3°С-қа дейін, күндіз +15-тен +17°С-қа дейін болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +16 градустан +18 градусқа дейін болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +5-тен +7°C-қа дейін, күндіз +21-ден +23°C-қа дейін болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы 0-ден +2°С-қа дейін ауытқиды, аяз -3°C-қа дейін, күндіз +16-дан +18°C-қа дейін жетеді.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы 0-ден +2°C-қа дейін, күндіз +5-тен +7°С-қа дейін болады.

Оқи отырыңыз: 4 қазанға арналған валюта бағамы