Бүгін еліміздің кей өңірінде қатты ыстық болады

09.08.2025 10:03

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Аlmaty.tv

Синоптиктер 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр, елдің шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында тұман түседі», - делінген хабарламада.

Күндіз Қызылорда облысында 40-42 градус, Түркістан обысында 40 градус, Маңғыстау облысында 38-40 градус, Атырау облысында 35-36, Алматы, Жетісу облыстарында 35-37 градус, Жамбыл облысында 39 градус, Ақтөбе облысында 35 градус қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында,Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында,Ұлытау облысының орталығында,  жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Маңғыстау облысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау облысының шығысында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Түркістан, Маңғыстау облысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Атырау облысының шығысында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі болуы мүмкін.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жел жылдамдығы 3-8, кейде екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +34...+36°C болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +37...+39°C болады.

Оқи отырыңыз: 9 тамызға арналған валюта бағамы