Республика бойынша жел күшейеді
Синоптиктер 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Солтүстік-батыс циклоны ҚР шығыс жартысына әлі де өз әсерін тигізетін болады – найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республикамыздың батыс жартысы антициклон әсерінде болғандықтар жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 35 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.
Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының орталығында, Ақтөбе облысының орталығында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында, Абай облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақсьан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болуы мүмкін.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +18+20°С.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.
Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 тамыз аралығында ауа райы қандай болады