Бүгін қай өңірде қар жаууы мүмкін - ауа райы болжамы

15.11.2025 10:14

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Аlmaty.tv

Синоптиктер 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Республикамыздың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. ҚР-ның солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Күндіз ауа температурасы +1°C-тан +3°C-қа дейін, түнде -1°C-ден -3°C-қа дейін болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Күндіз ауа температурасы +10°C-тан +12°C-қа дейін, түнде +1°C-ден +3°C-қа дейін болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Күндіз ауа температурасы +18°C-тан +20°C-қа дейін, түнде +4°C-ден +6°C-қа дейін болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы күндіз +15°C +17°C, түнде +8°C +10°C болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы күндіз +8°С +10°С, түнде 0°С-тан +2°С-қа дейін жылы болады.

Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 1-6 м/с. Ауа температурасы күндіз +10°С +12°C, түнде +2°C +4°C болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы күндіз +5°С +7°С, түнде 0°С-тан -2°С-қа дейін жылы болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз +1°С +3°С, түнде 0°С-тан -2°С-қа дейін жылы болады.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Күндіз ауа температурасы +4-6°С, түнде 0-ден +2°С-қа дейін төмендейді.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Күндіз ауа температурасы +10-12°С, түнде 0-дан +2°С-қа дейін төмендейді.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Күндіз ауа температурасы +5-тен +7°C-қа дейін, түнде 0-ден +2°C-қа дейін төмендейді.

Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Күндіз ауа температурасы +13-15°С, түнде 0-ден -2°С-қа дейін төмендейді.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Күндіз ауа температурасы +2 градустан +4 градусқа дейін, түнде -1 градустан -3 градусқа дейін төмендейді.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 3-5°С, түнде 0-2°С жылы болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы күндіз 0-ден +2°C-қа дейін, түнде -5-тен -7°C-қа дейін жылы болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз +8-ден +10°C-қа дейін, түнде -3-тен -5°C-қа дейін жылы болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +15-тен +17°C-қа дейін, түнде 0-дан +2°C-қа дейін жылы болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы күндіз +17°C +19°C, түнде +1°C +3°C жылы болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы күндіз +8°C +10°C, түнде +2°C +4°C болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы күндіз -2°С -4°С, түнде -10°С-тан -12°С-қа дейін болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 17-23 қараша аралығында ауа райы қандай болады