Сенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, кей өңірде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады», - делінген хабарламада.
Астанада құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +39...+41°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +20...+22°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.
Жезқазғанда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.
Көкшетауда күн бұлтты, жаңбыр жауады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +15...+17°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +37...+39°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.
Қызылордада күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +28...+30°C.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +18...+20°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +37...+39°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +38...+40°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +40...+42°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 мамыр аралығында ауа райы қандай болады