«Қазгидромет» РМК 21 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады
Синоптиктер 21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Республиканың басым бөлігіне циклон мен соған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететіндіктен, еліміздің солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр, түнде шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейіп, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Абай облысының шығысында, Павлодар облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі болады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстіік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында Абай облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болады.
Күндіз Алматы облысында 35 градус қатты ыстық, Жетісу облысында 35 градус қатты ыстық, Абай облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады.
Астанада бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +24...+26°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 23-29 маусым аралығында ауа райы қандай болады