Бүгін кей өңірде жауын-шашын болуы мүмкін - ауа райы болжамы

22.11.2025 09:23

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жел күшейеді

Аlmaty.tv

Синоптиктер 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, түнде орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталатындықтан, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады, еліміздің шығысында қатты жауын-шашын болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болуы мүмкін. Еліміздің қалған бөліктерінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, көктайғақ, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6-дан -8°C-қа дейін, күндіз 0°C шамасында болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2 градустан +4 градусқа дейін, күндіз +11 градустан +13 градусқа дейін жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-ден +2°C-қа дейін, күндіз +14-тен +16°C-қа дейін жылы болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +8 +10°С, күндіз +17°С +19°С болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде +5-7°С, күндіз +8-10°С болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +5-тен +7°C-қа дейін, күндіз +11-ден +13°C-қа дейін болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде +3-тен +5°C-қа дейін, күндіз +7-ден +9°C-қа дейін болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2 градустан -4 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -5 градустан -7 градусқа дейін, күндіз -1 градустан +1 градусқа дейін болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4 градустан -6°С-қа дейін, күндіз 0-ден +2°С-қа дейін болады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2-ден -4°C-қа дейін, күндіз 0-ден +2°С-қа дейін болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы 0-ден +2°C-қа дейін, күндіз +13-тен +15°C-қа дейін болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -6-дан -8°С-қа дейін, күндіз -3-тен -5°С-қа дейін болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6-дан -8°C-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін болады.

Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз 0-ден -2 градусқа дейін болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 3-8 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде -1-ден +1°C-қа дейін, күндіз +8-ден +10°C-қа дейін болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1-ден +1°C-қа дейін, күндіз +10-дан +12°C-қа дейін болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-ден -2°C-қа дейін, күндіз +13-тен +15°C-қа дейін болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +2-ден +4°С-қа дейін, күндіз +9-дан +11°C-қа дейін болады.

Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, 7-12 м/с жел соғады. Күндіз және түнде ауа температурасы -3 градустан -5 градусқа дейін сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 24-30 қараша аралығында ауа райы қандай болады