Дауыл, қар жауады: еліміздің қай өңірінде үсік жүреді

Almaty.tv
Almaty.tv

20 қыркүйекке қараған түні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбырмен бірге қар жаууы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидрометтің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел мен дауыл соғуы ықтимал.

20 қыркүйекке қараған түні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбырмен бірге қар да күтіледі.

Сонымен қатар түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп, көлік қозғалысына қолайсыздық туғызуы мүмкін.

Ауа температурасы күрт өзгермейді. Дегенмен елдің солтүстік аймақтарында түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүру қаупі бар.

Оқи отырыңыз: Алматыда 15-21 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров