Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн суытады – синоптиктер болжамы

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Кең өңірде жаңбыр жауады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласында 26 қазанда, яғни бүгін түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 13 м/с жетеді. Түнгі температура +5 пен +7°C аралығында, ал күндіз +16...+18°C болады.

Шымкентте 26 қазанда түнде және таңертең қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.

26 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман тұман түседі.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырауда 26 қазанда кей уақыттарда тұман түседі.

26 қазанда күндіз Алматы облысының батысында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қонаев қаласында 26 қазанда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістанда 26 қазанда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Оралда 26 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

26 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі

Петропавлда 26 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

26 қазанда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.

26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

26-27 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетеді деп күтіледі.

Таразда 26-27 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Оқи отырыңыз: Алматыда 28 қазан мен 3 қараша аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров