Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

06.07.2025 15:40

Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Immo Wegmann/unsplash.com/

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі.

«5 шілдеде республиканың солтүстігінде, 5-6 шілдеде шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

5 шілдеде еліміздің шығысында күндіз өте қатты ыстық – 40-42°С, оңтүстігінде – 45-46°С, оңтүстік-шығысында – 40-45°С болады деп күтіледі. Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі болжанбайды», – делінген синоптиктер болжамында.

Оқи отырыңыз: Мектептер жаңа оқу жылында белгіленген мерзімде дайын болуы керек – Алматы әкімі