Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
Алматыда алдағы күндері 42 градусқа дейін аптап болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шілденің шіліңгір ыстығы Алматы облысының батысында, солтүстігі мен орталығында қатты сезілмек. Қолайсыз ауа райы еліміздің өзге өңірлерінде де күтіледі деп болжанып отыр. Мәселен, Оңтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды. Нақтырақ айтсақ, шілденің 22-сі мен 24-і аралығында елдің батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауылды жел болса, қалған өңірлерде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыс өңірлерді тұман басады.
«22–23 шілде күндері Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық – 40°С, Алматы облысының батысында, солтүстігінде және орталығында – 42°С болжанады. Күшті ыстық күндіз батыс өңірлерде 35–39°С, республиканың оңтүстік-батысында 38–42°С, 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35°С, орталық өңірлерде 35–38°С, елдің оңтүстігінде 40–42°С, оңтүстік-шығысында 35–39°С күтіледі», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.
Оқи отырыңыз: Алматыда 21-27 шілде аралығында ауа райы қандай болады