Елімізде ауа райы күрт суытады

18.08.2025 21:45

20-21 тамызда  солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашын күтіледі

Елімізде ауа райы күрт суытады. Синоптикер алдағы 3 күнде температура кей облыста +5 градусқа дейін төмендейді деп мәлімдеді, хабарлайды Almaty.tv.

Өзге өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Мәселен ертең батыс пен шығыста қатты жаңбыр жауса, 20-21 тамызда  солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашын күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерде ауа райы ашық болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

«Алдағы күндері батыс аймақтардан жылжып келе жатқан солтүстік циклоны әсер етуді жалғастырады. Ол ауыспалы бұлтты, найзағайлы, жаңбырлы ауа-райын қалыптастырады. Күндізгі сағаттарда бұршақ пен екпінді желдің күшейюі ықтимал», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 тамыз аралығында ауа райы қандай болады