Еліміздің бірнеше облысында автокөлік қозғалысы шектелді

Depositphotos
Depositphotos

Жолды бүгін, сағат 11:00-де ашу жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 03:00-ден бастап үш облыстағы автожолдарда көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2025 жылғы 15 желтоқсанда, сағат 03:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда барлық көлік түрлеріне шектеу қойылады:

Жамбыл облысы: «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 2005-2152-шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейінн);

Қарағанды облысы: «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 592-750-шақырым аралығында (Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін);

«Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 17-217-шақырым аралығында (Қарағанды қаласы-Қарқаралы ауылы).

Жолды бүгін, сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы: «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы» автожолының 0-263-шақырымы аралығында (Атамекен ауылы — РФ шекрасы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. 

Жолды бүгін, сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

«Қытай шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қаласын айналып өту — Қалбатау — Семей — Павлодар — Ресей шекарасы (Үрлітөбе ө/п) 191-390-шақырымы (Ресей шекарасынан Мичурин ауылына дейін);

«Қытай шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қаласын айналып өту — Қалбатау — Семей — Павлодар — Ресей шекарасы (Үрлітөбе ө/п) 427-587-шақырым (Кенжекөл ауылынан Абай облысы шекарасына дейін);

«Павлодар — Шарбақты — Ресей шекарасы (Шарбақты ө/п)» 0–112-шақырым (Павлодар қаласынан Ресей шекарасына дейін);

«Астана-Шідерті-Павлодар — Успенка — Ресей шекарасы» 0-152-шақырым (Павлодар қаласынан Ресей шекарасына дейін);

«Ертіс өзені көпірі арқылы Павлодар қаласының батыс айналма жолы» 0-15-шақырым (Кенжеколь кентінен Ақсу қаласына дейін);

«Атамекен–Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов» 0-220-шақырым (Атамекен кентінен Абай облысы шекарасына дейін).

Жолды бүгін, сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Абай облысы:

«ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587-733-шақырымы аралығындағы (Павлодар облысың шекарасынан Семей қаласына дейін). 

Жолды бүгін сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Ақмола облысы: (жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді)

«Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолының 18-232-шақырымы аралығы (Астана қ. – Щучинск қ.).

Жолды бүгін сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 15-21 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

 

Новости партнеров