Еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болады
Wolfgang Hasselmann/unsplash.com/
Қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады деп болжанған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың мамыр айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылғы мамырда алдын ала есептеулер бойынша және қалыптасқан метеорологиялық жағдайлар ескеріліп, мына өңірлерде орташа құрғақшылық болады деп болжануда:
- Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласы маңында,
- Батыс Қазақстан облысында Казталов, Жәнібек, Жаңақала және Ақжайық аудандарында,
- Ақтөбе облысында Шалқар ауданында,
- Атырау облысында Құрманғазы және Исатай аудандарында,
- Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында,
- Алматы облысында Балқаш ауданында,
- Жетісу облысында Алакөл ауданында,
- Жамбыл облысында Мойынқұм ауданында,
- Түркістан облысында Созақ ауданында,
- Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандарында,
- Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласында.
Елдің қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады деп болжанған. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.
Оқи отырыңыз: Синоптиктер Қазақстанда үсік жүретінін ескертті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54