«Қазгидромет» РМК 21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек батыс және солтүстік өңірлерде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, найзағай, бұршақ, солтүстікте — шаңды дауыл, батыс пен солтүстікте — желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте — шаңды дауыл, шығыста — түнгі және таңғы уақытта тұман болады", — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктер өрт қауіптілігінің жоғары деңгейі күтілетін өңірлерді атады:
- Маңғыстау облысының батысында,
- Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі,
- Түркістан облысының оңтүстігі,
- Қарағанды облысының шығысында,
- Павлодар облысында,
- Қостанай облысының орталығында,
- Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде,
- Атырау облысының батысы, солтүстік-шығысы мен шығысында,
- Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында,
- Алматы облысының батысы мен орталығында,
- Абай облысының оңтүстік-шығысында,
- Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.
- Өте жоғары — төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер мыналар:
- Қызылорда облысы,
- Түркістан облысының солтүстігі, шөлді және таулы аймақтары,
- Жамбыл облысының батысы мен шығысы,
- Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы,
- Атырау облысының оңтүстігі,
- Қостанай облысының оңтүстігі,
- Алматы облысының солтүстігі,
- Ақмола облысының батысы,
- Павлодар облысының батысы мен оңтүстігі,
- Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы,
- Жетісу облысы,
- Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі,
- Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығы.
Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 мамыр аралығында ауа райы қандай болады