Еліміздің екі өңірінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

21.05.2025 09:34

Оңтүстікте — шаңды дауыл, шығыста — түнгі және таңғы уақытта тұман болады

선호 허/unsplash.com/

«Қазгидромет» РМК 21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек батыс және солтүстік өңірлерде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, найзағай, бұршақ, солтүстікте — шаңды дауыл, батыс пен солтүстікте — желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте — шаңды дауыл, шығыста — түнгі және таңғы уақытта тұман болады", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктер өрт қауіптілігінің жоғары деңгейі күтілетін өңірлерді атады:

  • Маңғыстау облысының батысында,
  • Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі,
  • Түркістан облысының оңтүстігі,
  • Қарағанды облысының шығысында,
  • Павлодар облысында,
  • Қостанай облысының орталығында,
  • Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде,
  • Атырау облысының батысы, солтүстік-шығысы мен шығысында,
  • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында,
  • Алматы облысының батысы мен орталығында,
  • Абай облысының оңтүстік-шығысында,
  • Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.
  • Өте жоғары — төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер мыналар:
  • Қызылорда облысы,
  • Түркістан облысының солтүстігі, шөлді және таулы аймақтары,
  • Жамбыл облысының батысы мен шығысы,
  • Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы,
  • Атырау облысының оңтүстігі,
  • Қостанай облысының оңтүстігі,
  • Алматы облысының солтүстігі,
  • Ақмола облысының батысы,
  • Павлодар облысының батысы мен оңтүстігі,
  • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы,
  • Жетісу облысы,
  • Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі,
  • Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығы.

Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 мамыр аралығында ауа райы қандай болады