Қазақстанда 35 градусқа дейін аяз болады
Depositphotos
Еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазгидромет 9, 10, 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Азаматтар қыстың алғашқы лебін сезінеді. 9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон келеді.
Осылайша алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады.
Түнгі уақытта термометр бағаны солтүстік өңірлерде 22-30 градусқа дейін, шығыста 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 10-20 градус аязға дейінтөмендейді.
Оқи отырыңыз: 8 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45