Қызылорда облысында ауа райына байланысты жол жабылды

24.12.2025 08:20

Жолды бүгін сағат 12:00–де ашу жоспарланған

Depositphotos

"ҚазАвтоЖол" Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 06:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1522-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (№ 99 станциясынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", — делінген хабарламада.

Жолды бүгін сағат 12:00–де ашу жоспарланған. 

Оқи отырыңыз: Бір облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді