Республика бойынша жел күшейеді
Синоптиктер 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республика бойынша тұрақсыз ауа райы болады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. ҚР бойынша жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Елдің батысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман болжанады, шығысында, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Жетісу облысында түнде 1-6 градус үсік жүреді, Жамбыл облысының таулы аудандарында 1-6 градус аяз болады.
Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау облысында солтүстік-шығысында, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -1 градустан -3°С-қа дейін болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +9-11°С, күндіз +16-18°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +8-ден +10°C-қа дейін, күндіз +18-ден +20°C-қа дейін болады.
Оқи отырыңыз: 25 қазан – Республика күні: қазақстандықтар үшін ұзақ демалыс аптасы