Каспийде тағы да жер сілкінді

30.07.2025 11:34

Жер қыртысының дүмпуі Ақтаудан шамамен 363 шақырым қашықтықта болған

Thomas Vimare/ /unsplash.com/

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығының мәліметінше, 29 шілде күні Каспий теңізінде биылғы жыл басынан бергі 19-шы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер сілкінісінің магнитудасы 3,0 балл. Ол 13 шақырым тереңдікте болған.

Жер қыртысының дүмпуі Ақтаудан шамамен 363 шақырым қашықтықта болған.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 40°25′48″, шығыс бойлық бойынша 51°36′0″. 

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 285 іс тіркелді