Кей өңірде қар аралас жаңбыр жауады: жексенбінің ауа райы болжамы

02.11.2025 09:53

Елдің оңтүстік өңірлерінде күн ашық болады

Аlmaty.tv

Синоптиктер 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-ден +4°C-қа дейін, күндіз +6-дан +8°C аралығында болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 3-8 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +6-дан +8°C-қа дейін, күндіз +10-дан +12°C аралығында болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +20 градустан +22 градусқа дейін болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8-ден +10°C-қа дейін, күндіз +13-тен +15°C аралығында болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +3-тен +6°C-қа дейін, күндіз +8-ден +11°C-қа дейін болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5-тен +7°C-қа дейін, күндіз +11-ден +13°C-қа дейін болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-ден +2°C-қа дейін, күндіз +9-дан +11°C аралығында болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-ден -2°C-қа дейін, күндіз +6-дан +8°C аралығында болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, қар жауады, жел жылдамдығы 5-10 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 0-ден +2°C-қа дейін, күндіз +3-тен +5°С аралығында болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2°С +5°С, күндіз +13°С +15°С болады.

Қостанайда бұлтты, жаңбыр, қар жауып, жел жылдамдығы 9-14 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 0°С +2°С, күндіз +4°С +6°С аралығында болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +3°С +5°С, күндіз +13°С-тан +15°С-қа дейін болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауып, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1°С +3°С, күндіз +6°С +8°С аралығында болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, қар жауып, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -1°С -3°С, күндіз +3°С-тан +5°С-қа дейін жылы болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +13-тен +15 градус аралығында болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз +13-тен +15 градусқа дейін болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2-ден +4°C-қа дейін, күндіз +18-ден +20°C аралығында болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3-тен +5°С-қа дейін, күндіз +19-дан +21°C аралығында болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, таңертең тұман түседі, жел жылдамдығы 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +6-дан +8 градусқа дейін болады.

Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жаумайды болады, жел 7-12 м/с күшейеді. Түнде ауа температурасы +3°C-тан +5°C-қа дейін, күндізгі температура +8°C-ден +10°C-қа дейін болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 3-9 қараша аралығында ауа райы қандай болады