Еліміздің орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін
Синоптиктер 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
«Циклон мен соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ болады, батысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі.
Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының орталығында, батысында, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Түркістан облысының орталығында, Абай облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, сошлтүстік-шығысында, Қостанай, Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі болады.
Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан түнде 1-6, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Алматыда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 градус жылы болады.
Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 35-37 градус жылы болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 маусым аралығында ауа райы қандай болады