Кей өңірде қар жауады: жексенбінің ауа райы болжамы

25.01.2026 09:21

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Аlmaty.tv / Виталий Фатчев

Синоптиктер 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды ағындардың өтуіне байланысты қар, оңтүстік-батыста, оңтүстікте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болып, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Астанада бұлтты, кей кезде қар жауады, жел екпіні түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20-дан -22°C-қа дейін, күндіз -11-ден -13°C-қа дейін болады.

Алматыда аспан бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8-ден -10°C-қа дейін, күндіз 0-ден -2°C-қа дейін болады.

Шымкентте бұлтты, жаңбыр, қар жауады, кей кезде тұман, көктайғақ болады, жел екпіні 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнгі температура 0-ден -2°C-қа дейін, күндізгі температура +1-ден +3°C-қа дейін болады.

Ақтауда бұлтты, жаңбыр, қар және көктайғақ, жел жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Түнгі температура -3-тен -5°C-қа дейін, ал күндізгі температура 0-ден +2°C-қа дейін болады.

Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 1-6 м/с жетеді. Түнгі температура -23-тен -25°C-қа дейін, ал күндізгі температура -16-дан -18°C-қа дейін болады.

Атырауда бұлтты, түстен кейін аздап қар жауады, жел жылдамдығы 2-7 м/с жетеді. Түнгі температура -14-тен -16°C-қа дейін, ал күндізгі температура -8-ден -10°C-қа дейін болады.

Жезқазғанда бұлтты, қар жауады, кейде тұман болады, жел жылдамдығы 4-9 м/с жетеді. Түнгі температура -11-ден -13°C-қа дейін, ал күндізгі температура -6-дан -8°C-қа дейін болады.

Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Түнде температура -13-тен -15°C-қа дейін, ал күндіз -8-ден -10°C-қа дейін болады.

Көкшетауда аспан бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 1-6 м/с жетеді. Түнде температура -28-ден -30°C-қа дейін, ал күндіз -18-ден -20°C-қа дейін болады.

Қонаевта бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Түнде температура -7-ден -9°C-қа дейін, ал күндіз 0-ден -2°C-қа дейін болады.

Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с жетеді. Түнде температура -33-тен -35°C-қа дейін, ал күндіз -26-дан -28°C-қа дейін болады.

Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз, кей кезде тұман түседі, жел жылдамдығы 6-11 м/с жетеді. Түнгі температура -5-тен -7°C-қа дейін, күндізгі температура 0-ден -2°C-қа дейін болады.

Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Түнгі температура -26-дан -28°C-қа дейін, күндізгі температура -18-ден -20°C-қа дейін болады.

Петропавлда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 2-7 м/с жетеді. Түнгі температура -31-ден -33°C-қа дейін, күндізгі температура -24-тен -26°C-қа дейін болады.

Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 4-9 м/с жетеді. Түнгі температура -23-тен -25°C-қа дейін, күндізгі температура -7-ден -9°C-қа дейін болады.

Талдықорғанда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Түнгі температура -15-тен -17°C-қа дейін, күндізгі температура 0-ден -2°C-қа дейін болады.

Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз, кей кезде тұман түсіп, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнгі температура -4-тен -6°C-қа дейін, күндізгі температура +1-ден +3°C-қа дейін болады.

Түркістанда бұлтты, жаңбыр, қар жауады, кей кезде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнгі температура -1-ден -3°C-қа дейін болады, күндізгі температура 0-ден +2°C-қа дейін болады.

Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Түнгі температура -26-дан -28°C-қа дейін, күндізгі температура -18-ден -20°C-қа дейін болады.

Өскеменде аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 4-9 м/с жетеді. Түнгі температура -17-ден -19°C-қа дейін, күндізгі температура -7-ден -9°C-қа дейін болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ауа райы қандай болады