Найзағай, дауылды жел: Қазақстанның қай өңірінде жаңбыр жауады

19.07.2025 09:00

Алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста 43°С ыстық болады

Almaty.tv

"Қазгидромет" атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі деген болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

19 шілдеде солтүстікте, орталықта, 20 шілдеде республиканың шығысында – қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Кезеңнің  соңында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжып, ол жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен бірге жүреді. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болжанады.

Алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 43°С дейін, солтүстік-батыста және шығыста – 40°С, оңтүстік-шығыста   42°С дейін күтіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 21-27 шілде аралығында ауа райы қандай болады