Республика бойынша тұман түседі
Синоптиктер 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР аумағының басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейіп, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы күндіз 3-5 градус жылы болады, жел болмайды.
Астанада күн ашық, ауа температурасы күндіз 5-7 градус аяз болады.
Шымкентте қар жауып, жаңбыр жауып, ауа температурасы күндіз 3-5 градус жылы болады, жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтауда да осындай температура сақталады, желдің екпіні 5-10 м/с.
Ақтөбеде күн бұлтты болады, күндіз термометр минус 1-3 градус аязға дейін төмендейді.
Атырауда да күн бұлтты, ауа температурасы күндіз 1-3 градус нөлден жоғары болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, қар, жаңбыр жауады, күндіз термометр минус 1 градустан плюс 1 градусқа дейін жылы болады.
Қостанайда қар жауып, ауа температурасы минус 2-4 градус, жел жылдамдығы 3-8 м/с болады.
Павлодарда күн бұлтты, ауа температурасы минус 6-8 градус, жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді.
Петропавлда синоптиктердің болжауынша, бұлтты, ауа температурасы 5-7 градус аяз болады, жел жылдамдығы - 9-14 м/с.
Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз ауа температурасы 0-2 градус Цельсийге дейін сақталады, жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді.
Өскеменде қар, жаңбыр жауады, термометр күндіз нөлден плюс екі градус Цельсийге дейін сақталады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2-8 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады