Кей өңірде күн ашық болады - жексенбіге арналған ауа райы болжамы

24.11.2024 09:30

Синоптиктер 24 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады

Фото: unsplash.com (Vasilina Sirotina)

Бүгін еліміздің бірқатара аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv. "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Кең ауқымды антициклон Қазақстан аумағы арқылы ауысып, соның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады", - делінген хабарламада.

Астанада күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -1...-3°С.

Алматыда күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні - 0-5 м/с, күндізгі екпіні - 8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.

Шымкентте күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -1...+ 1°С, күндіз: +11...+13°С.

Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында 30 м/с және одан да көп қатты жел соғады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 18-23 м/с, кей уақыттарда 28 м/с. Қонаев қ.: 24 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қызылорда қ.: 24 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 24 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 25 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады