Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

13.10.2024 09:32

Кей өңірде үсік жүреді

elements.envato.com

Синоптиктер 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Қазақстанның көп бөлігінде циклонға байланысты атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайтын болады: оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей уақыттарда қатты жаңбыр, солтүстікте қар, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады», - делінген хабарламада.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 1 градус үсік жүреді.

Абай облысының батысында, орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 14-20 қазан аралығында ауа райы қандай болады