Алматыда 21-27 қазан аралығында ауа райы қандай болады

17.10.2024 14:00

Синоптиктер бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазан айы да ортасынан ауып барады. Санаулы күндерден соң қыстың алғашқы ызғарын сездіріп, қараша да жетеді. Тіпті қазірдің өзінде кәрі Алатаудың басына қыраулатып қар жауып үлгерді.

Алдағы аптада мегаполис тұрғындарын ауа райының қандай тосынсыйы күтіп тұрғанын синоптиктерден білетін боламыз:

  • Дүйсенбі, 21 қазан, көшпелі бұлтты, күндіз +16, түнде +10°C;
  • Сейсенбі, 22 қазан, бұлтты, күндіз +12, түнде +6°C;
  • Сәрсенбі, 23 қазан, жаңбыр, күн +9, түнде +7°C;
  • Бейсенбі, 24 қазан, жаңбыр, күндіз +6, түнде +4°C;
  • Жұма, 25 қазан, көшпелі бұлтты, күн +9, түнде +4°C;
  • Сенбі, 26 қазан, көшпелі бұлтты, күндіз +12, түнде +4°C;
  • Жексенбі, 27 қазан, көшпелі бұлтты, күндіз +9, түнде +4°C.

Материал world-weather.ru дерегі бойынша әзірленді.

Оқи отырыңыз: Алматыда көктайғақ күтілуде