Алматыда 7-13 қазан аралығында ауа райы қандай болады

03.10.2024 в 16:41

Синоптиктер бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялады

фото Victor Glutsenko

Күз түсіп, күн салқындағанына қарамастан, алдағы аптада алматылықтар әлі де мизамшуақтың шуағына жылынып, алуан түске енген әсем табиғаттың аясында жақындарымен серуен құрып, ғажап қаланың ғажайып бояуын ерекше сезіне алады. 

Сонымен синоптиктерден хабарлауынша, ауа райы болжамы төмендегідей: 

  • Дүйсенбі, 7 қазан, жаңбыр, күндіз +19, түнде +10°C;
  • Сейсенбі, 8 қазан, ашық, күндіз +19, түнде +10°C;
  • Сәрсенбі, 9 қазан, күн ашық, күн +21, түнде +13°C;
  • Бейсенбі, 10 қазан, күн ашық, күн +22, түнде +13°C;
  • Жұма, 11 қазан, көшпелі бұлтты, күндіз +21, түнде +14°C;
  • Сенбі, 12 қазан, көшпелі бұлт шығады, күндіз +9, түнде +1°C;
  • Жексенбі, 13 қазан, көшпелі бұлт шығады, күндіз +7, түнде +1°C.

Материал world-weather.ru дерегі бойынша әзірленді.

Оқи отырыңыз: Қазан айында ауа райы қандай болады